2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2011 жылғы 29 қарашадағы XLI сессиясының № 464 шешімі
Осы редакция 2012 жылғы 3 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 137132860 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 35329433 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 107459 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 101695968 мың теңге;
2) шығындар - 137265352 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 2118743 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 3176090 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 1057347 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - алу 2251235 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2251235 мың теңге:
қарыздар түсімдері - 3176090 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 924855 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылған қалдықтары - 0 мың теңге.
2. 2012 жылға арналған облыстық бюджет түсімдерінің құрамында, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.
3. 2012 жылға арналған облыстық бюджетке, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесі мөлшерлерде белгіленсін:
1) жеке табыс салығы бойынша:
Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Ұлытау, Шет аудандарына, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Қаражал, Приозерск, Саран, Сәтпаев, Теміртау, Шахтинск қалаларына - 50 пайыздан;
2) әлеуметтік салық бойынша: