Мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне, әскери оқу орындарының бірінші және екінші курстарының курсанттарына пошта жөнелтілімдері үшін ақшалай өтемақы мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 481 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 308 Қаулысымен күші жойылды
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 48-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мерзімді қызметтің әскери қызметшілеріне, әскери оқу орындарының бірінші және екінші курстарының курсанттарына пошта жөнелтілімдері үшін ақшалай өтемақы мөлшері айына 130 теңге сомасында бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: