Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық
комиссиясының ережесі мен құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 Қаулысы
(2011.12.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы (бұдан әрі - Ведомствоаралық комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.