«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 98 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 522 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 98 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 18, 215-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3.1-кіші бөлімде:
«Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту» деген 1-стратегиялық бағытта:
«Экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдай жасау» деген 1.1-мақсатта:
«Қоршаған ортаға эмиссияларды тұрақтандыру» деген 1.1.1-міндетте:
«Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесімен (ҚОҚ БАЖ) кіріктірілген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін кіріктіру» деген реттік нөмірі 10-жолдың «2012 жыл» деген бағаны «3» деген санмен толықтырылсын;
«Тарихи» ластануларды жою, табиғи ортаны қалпына келтіру» деген 1.1.2-міндетте:
«Қазақстандағы тұрақты органикалық ластағыштар (ТОЛ) проблемалары жөніндегі жобалар шеңберінде халықаралық инвестициялардың өсу қарқыны» деген реттік нөмірі 22-жолдың «2012 жыл» деген бағанында «128» деген сандар «14» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 22-1-жолмен толықтырылсын:
«