«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1507 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 545 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1507 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 143-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«7. Бюджеттік бағдарламалар» деген бөлімде:
«Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлімде:
001 «Еңбек, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру» деген бюджеттік бағдарламада:
«Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау саласында жүргізілген зерттеулердің саны» деген жолда:
«2012 жыл» деген бағандағы «3» деген сан «6» деген санмен ауыстырылсын;
«Зерттеудің бір бірлігіне орташа шығындар көлемі» деген жолда:
«2012 жыл» деген бағандағы «20 182» деген сандар «13 947» деген сандармен ауыстырылсын;
«бюджеттік шығындардың көлемі» деген жолда:
«2012 жыл» деген бағандағы «3 152 337» деген сандар «3 167 337» деген сандармен ауыстырылсын;
003 «Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар» деген бюджеттік бағдарламада:
тікелей нәтиженің көрсеткіштерінде:
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылардың жылдық орташа саны» деген жолда:
«2012 жыл» деген бағандағы «1 343 908» деген сандар «1 307 742» деген сандармен ауыстырылсын;
«бюджеттік шығыстардың көлемі» деген жолда:
«2012 жыл» деген бағандағы «80 278 177» деген сандар «76 591 340» деген сандармен ауыстырылсын;
005 «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар» деген бюджеттік бағдарламада:
«2012 жыл» деген бағанда: