2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін
айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
хаттама
(Санкт-Петербург қ., 2011 жылғы 18 қазанда)
Осы хаттамаға қосылу туралы ескертпені ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 290 Қаулысынан қараңыз
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 561 Қаулысымен мақұлданды
2013 жылғы 26 мамырда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі - ТМД) қатысушы мүше мемлекеттердің үкіметтері 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 2-бабына сәйкес,
төмендегілер туралы келісті:
Тауар орын алған елден шыққан деп есептелетін шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесіне (Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне 1-қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. СЭҚ ТН-нің «0206» деген жолы мынадай редакцияда жазылсын: