«Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 108 бұйрығы (күші жойылды)

Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 108 бұйрығы

 

ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 9 тамыздағы № 396 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуға қажетті құжаттардың тізбесі бекітілсін.

2. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаменті (Ғ.Р. Әбдірайымов) белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

3. «Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсатты алуға қажетті құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 наурыздағы № 92 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6151 болып тіркелген және 2010 жылғы 18 мамырдағы № 69 (1865) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Н.П. Тихонюкке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға

С. Нокин

 

Қазақстан Республикасы

Құрылыс және тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық

істері агенттігі төрағасының

2012 жылғы 27 наурыздағы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.