Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 211 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 40-бабы 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкеc, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) «Жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 7 наурыздағы № 59 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4568 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2007 жылы 27 наурызда № 45(1074) және Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2007 жылы наурызда жарияланған);