«Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 208 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 548 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 442 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 208 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 23, 285-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«7. Бюджеттік бағдарламалар» деген бөлімде:
«7.1. Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлімде: