«Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғарғы білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 184 Бұйрығы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру нұсқаулығын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы мемлекеттік атқарушы органдарының және басқа орталық мемлекеттік органдардың 2010 жылғы № 11 басылымында жарияланған нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6111 болып тіркелген (12.07.2010)) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесінде:
3-бөлімде:
«1. Гуманитарлық ғылымдар» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«