«Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 142 бұйрығы

«Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 142 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 тіркелген, 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1481) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

Бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі бекітілсін.»;

осы бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесінде (бұдан әрі - Ереже):

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Жалпы орта білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау негізгі орта, жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін:

негізгі мектепте (9-сыныптан кейін - оқытудың одан әрі траекториясын айқындау мақсатында;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.