Көтермелеудің салалық жүйесі туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 111 Бұйрығы
Осы редакция 2012 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мәдениет саласы қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі бекітілсін.
2. Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мәдениет мәселелеріне жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Е. Ертісбаев |
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және ақпарат министрінің
2007 жылғы 11 сәуірдегі
№ 111 бұйрығымен
Бекітілген
Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2. Көтермелеу мәдениет саласының қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру нысаны болып табылады.
3. Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеу мақсатында мынадай көтермелеу түрлері белгіленеді:
1) «Мәдениет қайраткері» төс белгісі, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Кітапхана ісінің үздігі» құрмет дипломы;
3) «Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау ісінің үздігі» құрмет дипломы;
4) «Мұражай ісінің үздігі» құрмет дипломы;
5) «Театр өнерінің үздігі» құрмет дипломы;
6) «Музыка өнерінің үздігі» құрмет дипломы;
7) «Мәдени-демалыс ұйымының үздік қызметкері» құрмет дипломы.
2. «Мәдениет қайраткері» төс белгісімен марапаттау шарттары
4. «Мәдениет қайраткері» төс белгісімен мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқан мәдениет жүйесінің қызметкерлері: