Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару қағидалары мен талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 120 Қаулысы
(2025.31.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024.29.08. № 72 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024.29.08. № 72 Қаулысымен (2024 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.28.08. № 43 Қаулысымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013.27.08. № 212 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.07.10. № 165 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024.29.08. № 72 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару қағидалары мен талаптары бекітілсін.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024.29.08. № 72 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.