«2011 - 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 621 Қаулысы (күші жойылды)

«2011 - 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 621 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2011 - 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген 2011 - 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасында:

«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:

«Іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар» деген жол «, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі» деген жолмен толықтырылсын;

«Бағдарламаның міндеттері» деген жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану»;

«Кіріспе» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:

«Тұтастай алғанда, мемлекет өткен кезеңде халықты ауыз сумен және су бұрумен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды іске асырған кезде мынадай кемшіліктердің бар екені белгіленді:

сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту мен дамыту жөніндегі жұмыстарды жоспарлаған кезде жүйелік тәсіл мен орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиісті өзара іс-қимылының болмауы;

су ресурстарының (ашық су айдындарының) шектеулі болуына байланысты сумен жабдықтау және су бұру мәселелерін шешуде кешенді тәсілдің болмауы;

сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асыру барысына мониторингінің болмауы;

сумен жабдықтау және су бұру секторында бірыңғай ақпараттық-талдау базасының болмауы;

сумен жабдықтау және су бұру жобаларының жобалау-сметалық құжаттамасын (бұдан әрі - ЖСҚ) әзірлеу деңгейінің төмендігі;

жер асты суларының қорларын растамай сумен жабдықтау жобаларын іске асыру;

тұтынушыларға берілетін судың есепке толық алынбауы;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.