Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 27 ақпандағы № 115 және Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 117 бірлескен бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 97-бабына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 12-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі - ҚАЖ) мекемелерінде ұсталатын адамдарға туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.
2. Облыстар, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) ҚАЖ мекемелеріне:
1) флюрографиялық тексерістер өткізуге;
2) бактериологиялық (микроскопиялық және культуральдық) зерттеулер жасауға, туберкулезге қарсы ұйымдардың зертханалары базасында туберкулездің туберкулезге қарсы препараттарына микробактерияларға дәрілік сезімталдылығына тест өткізуге;
3) Орталықтандырылған дәрігерлік-кеңестік комиссиялардың бірлескен отырысын;
4) ҚАЖ мекемелерінде туберкулезге қарсы шаралардың мониторингін өткізуге;
5) туберкулезбен науқас адамдар туралы туберкулезге қарсы ұйымдар, ҚАЖ мекемелері арасында ақпаратпен алмасуға;
6) әдістемелік-ұйымдастыру, техникалық және консультативтік көмек көрсетсін.
3. ҚАЖ аумақтық бөліністерінің бастықтарына мыналарды:
1) бактерия бөлу мен дәрілік тұрақтылығын ескере отырып, туберкулезбен науқастарды жеке ұстауды;
2) туберкулезбен науқас адамдармен қарым-қатынаста болатын қызметкерлерді жоғары дәрежедегі жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етсін.