«Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының м. а. 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 62 бұйрығы (күші жойылды)

«Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының м. а. 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 62 бұйрығы

 

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 Бұйрығымен күші жойылды

 

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 01-08/142 «Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын берудің ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5306 болып тіркелген, 2008 жылғы 16 қазандағы «Заң газеті» № 158 (1384), Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2008 ж. № 10 жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық атақтар мен разрядтар және спорттан төреші санаттарын беру ережесінде:

4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) спорттық атақтар:

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атағы;

«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» құрметті атағы;

Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері;

Қазақстан Республикасының спорт шебері;»;

8 - 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Спорттық атақтар мен разрядтардың орындалуын спорт түрлерінен мына құрамдағы төрешілер алқасы растайды:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.