«Кондоминиум объектiсiн мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 159 Бұйрығы

«Кондоминиум объектiсiн мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 159 Бұйрығы

 

«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Кондоминиум объектiсiн мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде № 4945 тiркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында жарияланған, 2007 жыл, қыркүйек-қазан) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесінде:

6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Ортақ мүлiктегi кондоминиум қатысушылары үлесiнiң мөлшерi бөлек (жеке) меншiкте тұрған (өзге заттық құқықта) тұрғын үйдiң пайдалы ауданы мен тұрғын емес үй-жайдың ауданының осы кондоминиум объектiсiнде тұрған барлық тұрғын үй-жайлардың пайдалы аудандары мен барлық тұрғын емес үй-жайлардың аудандарының сомасына қатынасымен белгiленедi.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Кондоминиум объектiсiн мемлекеттiк тiркеу кезiнде кондоминиум қатысушыларының уәкiлеттi өкiлдерi болып:

1) кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысында сайланған адам;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.