ҚР Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 25 тамыздағы № 1302 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің 2015.30.06. № 364 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 89 бұйрығына 2-қосымша
Пайдалы модельге өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерінiң
мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі
қағидалар
(2018.13.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Осы Пайдалы модельге өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерінiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі қағидалар Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және пайдалы модельге өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерінiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда келесідей ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) еуразиялық өтінім - 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патенттік конвенцияға сәйкес берілген өтінім;
2) еуразиялық патент - 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патенттік конвенцияға сәйкес берілген патент;
3) конвенциялық өтінім - 1883 жылғы 20 наурыздағы өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясына сәйкес берілген өтінім;
4) өтінім - пайдалы модельге патент беруге өтінім (бұдан әрі - өтінім);