(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) III ШАҚЫРЫЛҒАН ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ...200...

«Өскемен қаласын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау ережесі туралы» 2004 жылғы 29 шілдедегі № 7/6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
III шақырылған Өскемен қалалық мәслихатының XIII сессиясының 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 13/4 шешімі

 

Осы редакция 2005 жылғы 6 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 3 бабының 2 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Өскемен қалалық мәслихатының 2004 жылғы 29 шілдедегі № 7/6 «Өскемен қаласын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау ережесі туралы» («Дидар» газетінде 2004 жылғы 28 тамызда, «Рудный Алтай» газетінде 2004 жылғы 26 тамызда жарияланған, тіркеу нөмірі 1912) шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

2. Осы шешім өз күшіне әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап енеді.

3. Осы шешім 2005 жылғы 1 мамырдан бастап іске қосылады.

 

 

Сессия төрағасы

Қалалық мәслихаттың хатшысы

 

Қалалық мәслихаттың

2005 жылғы 14 сәуірдегі

№ 13/4 шешіміне қосымша

 

 

Өскемен қаласын көркейту, санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, жерлер мен жасыл желектерді қорғау Ережесіне

өзгерістер мен толықтырулар

 

1 бөлім. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

 

6 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Уәкілетті орган-атқарушы органның шешімімен белгіленген мемлекеттік мекеме».

8 тармақта 1 тармақша «көркейту элементтері» деген сөздерден кейін «ұзындығы бойынша-құрылыс аумағы көлемінде, енінен-екі жақта құрылыс жүрген кезде өту жолдың ортасына дейін және бүкіл ені бойынша құрылыс бір жақта жүрген кезде, ал трамвай қозғалысы бар көшелерде-трамвай жолдарының ортасына дейін» деген сөздермен толықтырылсын.

8 тармақта 3 тармақша жаңа редакцияда жазылсын: «белгіленген аумақтың периметрі бойынша 50 метр қашықтықтағы аумақ».

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.