Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 4 мамырдағы № 198 бұйрығы
(2014.22.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен күші жойылды
«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 43) тармақшасын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 120 бұйрығының күші жойылды деп есептелсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6935 тіркелген және «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 11 маусым № 247-248 (26646) жарияланған).
2. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидалар бекітілсін.
3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н.Жақыпова):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.К.Орынхановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Министрдің міндетін атқарушы | М. Орынханов |
Білім және ғылым министрі
міндетін атқарушының
2012 жылғы 4 мамырдағы
№ 198 бұйрығымен бекітілген