«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі республикалық басқару орталығын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 13 ақпандағы № 26-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 64-ө Өкімі
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі республикалық басқару орталығын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 13 ақпандағы № 26-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі:
1) «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық процестерді басқару» ақпараттық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін;
2) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Инвестициялық жобалар порталына барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қол жеткізуін қамтамасыз етсін.»;
2) көрсетілген өкіммен құрылған Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі республикалық басқару орталығының құрамында:
мыналар енгізілсін:
Ахметов Серік Нығметұлы
| - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, басшының орынбасары, |
Қаппаров Нұрлан Жамбылұлы
| - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі, |
Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы | - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі;
|
мына:
«Исекешев Әсет Өрентайұлы
| - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, басшының орынбасары», |
«Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы | - Қазақстан Республикасының Ақпарат және байланыс министрі» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Исекешев Әсет Өрентайұлы
| - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі», |