Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Грамотасы туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 227 бұйрығына 4-қосымша)

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2012 жылғы 11 сәуірдегі

 № 227 бұйрығына

4-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Грамотасы туралы
 ереже

 

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Грамотасымен (бұдан әрі - Грамота):

1) ішкі істер, ішкі әскерлер органдарындағы қызметте 5 жылдан кем емес тұрған, наградтаудың алдында 1 жылдың ішінде тәртіптік жауапкершіліктерге тартылмаған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрам адамдары және ішкі әскерлердің әскери қызметшілері жедел-қызметтік жұмыстағы, жауынгерлік даярлықтағы жоғары көрсеткіштері, қызметтік немесе әскери борышын орындау кезінде көрсеткен жеке батылдығы  мен қажырлылығы, сондай-ақ ұзақ жылғы үздік қызметі үшін.

Ерекше жағдайларда ІІМ басшылығының шешімі және Комиссияның оң ұсынымы бойынша наградтау наградтауға ұсынылып отырған адамның еңбек сіңірген жылдары мен өтілін есептемей жүргізілуі мүмкін;

2) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының және ішкі әскерлерінің 5 жылдан кем емес еңбек өтілі бар жұмысшылары мен қызметшілері еңбек міндеттерін үлгілі орындағаны, жаңа техника мен технологияны, еңбекті ұйымдастырудың озық нысандарын табысты игергені үшін және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін;

3) оларға жүктелген міндеттерді орындауға ішкі істер органдарына және ішкі әскерлер бөліністеріне белсенді көмектері үшін азаматтар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.