Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Комитетінің Грамотасы туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 227 бұйрығына 7-қосымша)

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2012 жылғы 11 сәуірдегі № 227 бұйрығына

7-қосымша

 

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Комитетінің Грамотасы туралы
 ереже

 

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Комитетінің Грамотасымен (бұдан әрі - Грамота):

1) ішкі істер, ішкі әскерлер органдарындағы келісімшарт бойынша қызметте 3 жылдан кем емес тұрған, наградтаудың алдында 1 жылдың ішінде тәртіптік  жауапкершіліктерге тартылмаған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрам адамдары және ішкі әскерлердің әскери қызметшілері жедел-қызметтік жұмыстағы, жауынгерлік даярлықтағы жоғары көрсеткіштері, қызметтік немесе әскери борышын орындау кезінде көрсеткен жеке батылдығы мен қажырлылығы, сондай-ақ ұзақ жылғы үздік қызметі үшін;

2) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының және ішкі әскерлерінің 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар жұмысшылары мен қызметшілері еңбек міндеттерін үлгілі орындағаны, жаңа техника мен технологияны, еңбекті ұйымдастырудың озық нысандарын табысты игергені үшін және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін;

3) оларға жүктелген міндеттерді орындауға ішкі істер органдарына және ішкі әскерлер бөліністеріне белсенді көмектері үшін азаматтар;

4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - ІІМ) органдары, бөліністері, мекемелері, кәсіпорындары, оқу орындары және ішкі әскерлердің әскери бөлімдері жедел-қызметтік, өндірістік жұмыстардағы, жеке құрамды оқытудағы және тәрбиелеудегі жоғары көрсеткіштері үшін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.