«Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрiнiң 2012 жылғы 18 мамырдағы № 225 Бұйрығы

«Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрiнiң 2012 жылғы 18 мамырдағы № 225 Бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 болып тіркелген, 2011 жылғы 5 мамырдағы № 184-185 (26587) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеде»:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Диссертациялық кеңестерді Комитет докторантура мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары оқу орындарында (бұдан әрі - ЖОО) күнтізбелік бір жылға құрады.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Диссертациялық кеңестің құрамы ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің хаттамалық шешімімен бекітіледі.»;

11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы құжаттарды қабылдайды, тіркейді және диссертациялық кеңеске ұсынады.»;

14-тармақтың3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) диссертация орындалған және/немесе докторант тапсырыс беруші немесе орындаушы (тең орындаушы) болып табылатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілетін ЖОО немесе ғылыми ұйымдардың басшылары және бөлімшелерінің (кафедралардың, зертханалардың, бөлімдердің) қызметкерлері;»;

мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

«15-1. Диссертация ЖОО-ның интернет-ресурстарында орналастырылғанда авторлық құқықтарды қорғау қамтамасыз етіледі және диссертация материалдарын көшіруден және одан әрі пайдаланудан қорғау технологиялары қолданылады.»;

16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.