«Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 172 Қаулысы (2016.30.05. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 172 Қаулысы

(2016.30.05. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 Қаулысымен күші жойылды

 

Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - Өзгерістер мен толықтырулар) енгізілсін.

2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4. Өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының тоқсаныншы, 3-тармағының қырық жетінші абзацтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 28 сәуірдегі

№ 172 қаулысына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші

деңгейдегі банктердің қызметін реттеу мәселелері бойынша енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есеп айырысуларының нормативтік мәні мен әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 358 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3924 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.