«Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуын және кәсіптік білім беру мен оларды кәсіптік даярлауды ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 17 наурыздағы № 147 бұйрығы (күші жойылды)

Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуын және кәсіптік білім беру мен оларды кәсіптік даярлауды ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 17 наурыздағы № 147 бұйрығы

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 516 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 104 және 108-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуын және кәсіптік білім беру мен оларды кәсіптік даярлауды ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:

1) «Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі жалпы білім беретін және кәсіптік мектептердің қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 169 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылы 25 желтоқсанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5974 болып енгізілді, 2010 жылғы 12 мамырдағы № 66 (1688) «Заң газеті» газетінде, 2010 жылғы 12 мамырдағы № 66 (1862) «Юридическая газета» газетінде, 2010 жылғы № 8 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған.

2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 341 бұйрығының 1-тармағының 14) тармақшасы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 18 қаңтарда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6745 болып енгізілді, 2011 жылғы 15 ақпандағы № 46-47 (26449) «Егемен Қазақстан» газетінде, 2011 жылғы № 7 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.