«Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № С-53/6 «2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 мамырдағы № С-5/13 шешімі (күші жойылды)

Көкшетау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № С-53/6 «2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2012 жылғы 3 мамырдағы № С-5/13 шешімі

 

Қабылдау мерзімінің бітуіне байланысты Ақмола облысы Көкшетау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 06-02/109а Хатымен күші жойылды

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 106 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Көкшетау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Көкшетау қалалық мәслихатының «2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № С-53/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-1-160 тіркелген, 2012 жылғы 5 қаңтарда «Көкшетау» газетінде және 2012 жылғы 5 қаңтарда «Степной Маяк» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2012-2014 жылдарға арналған қалалық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 16 300 577,1 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 7 739 923 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 65 279 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 423 926,9 мың теңге;

трансферттік түсімдер - 8 071 448,2 мың теңге.

2) шығындар - 18 125 842 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру- 10 118 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 164 794 мың теңге

бюджеттік кредиттерді өтеу - 154 676 мың теңге;

4) қаржылық активтерімен операциялары бойынша сальдо - 40 543 мың теңге, соның ішінде:

қаржылық активтерін сатып алу - 40 543 мың теңге;

5) бюджеттік тапшылық - - 1 875 925,9 мың теңге;

6) бюджеттік тапшылығын қаржыландыру - 1 875 925,9 мың теңге».

1, 5 қосымшалар осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.