Мәслихаттың 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 450 «Қостанай облысының 2012 - 2014 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2012 жылғы 2 мамырдағы № 42 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың «Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 450 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3788 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 5 және 12 қаңтарда «Костанайские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 99444584,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 5860471,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 328169,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 4003,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 93251941,5 мың теңге;
2) шығындар - 99715892,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 1855524,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 2406929,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 551405,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 611451,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 611451,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті)- -2738282,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2738282,8 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 4-1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4-1. 2012 жылға арналған облыстық бюджетте мынадай мөлшерлерде нысаналы трансферттерді қайтару қарастырылғаны ескерілсін:
республикалық бюджетке 679638,6 мың теңге сомасында, оның ішінде облыстық бюджеттен 427159,9 мың теңге сомасында және аудандар мен қалалар бюджеттерінен 252478,7 мың теңге сомасында;
аудандар мен қалалар бюджеттерінен облыстық бюджетке 41298,8 мың теңге сомасында.