Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 450 шешімі
(2012.02.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 17 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облысы мәслихатының 2012.03.02. № 13 шешімімен (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.30.03. № 33 шешімімен (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.02.05. № 42 шешімімен (2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қостанай облысының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 99444584,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 5860471,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 328169,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 4003,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 93251941,5 мың теңге;
2) шығындар - 99715892,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 1855524,0 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 2406929,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 551405,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 611451,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 611451,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті)- -2738282,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2738282,8 мың теңге.
2. Аудандар мен қалалар бюджеттеріне жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықтың 100 пайызын есепке алу жолымен кірістерді бөлу нормативтері белгіленсін.
3. 2012 жылға арналған облыстық бюджетте облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерінен облыстық бюджетке түсетін бюджеттік алымдардың көлемдері 8238573,0 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін, оның ішінде:
Қостанай қаласынан - 4407329,0 мың теңге;
Лисаков қаласынан - 271118,0 мың теңге;
Рудный қаласынан - 3560126,0 мың теңге.