Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 Қаулысы
(2008.26.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Жер кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 1 тамыздағы
№ 726 қаулысымен
Бекітілген
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесi
1. Осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық берудің тәртібін белгілейді.
2. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына 0,10 гектар мөлшерінде жеке меншікке тегін беріледі.
Көрсетілген мақсат үшін жер учаскелерін қайтадан тегін беруге рұқсат етілмейді.
3. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жеке меншікте бола алатын жер учаскелерінің шекті (ең көп) мөлшері жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге байланысты облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) өкілді және атқарушы органдарының бірлескен шешімдерімен белгіленеді.
4. Оралмандарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 шілдедегі № 748 қаулысымен бекітілген Оралмандарға жеке тұрғын үй салу үшін жер телімдерін беру ережесімен реттеледі.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.