Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 28 қарашадағы № 1268 қаулысы
(2007.20.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті таратылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1105 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1105 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)
2) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетiнің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) құрылсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) Комитеттiң және оның аумақтық органдарының әділет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Комитеттi және оның аумақтық органдарын қажеттi мүлiкпен қамтамасыз етсiн және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қарашадағы № 1508 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының