«2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 330 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2012 жылғы 28 наурыздағы № 16 шешімі
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1428 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 350 қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШЕМІЗ:
1. «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы кезекті IIIL сессиясының № 330 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4282 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» газетінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 239-240 санында, облыстық «Кызылординские вести» газетінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 209-210 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 1), 2), 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кірістер - 117 728 209 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 107 723 431 мың теңге;
2) шығындар - 118 821 108 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 2 018 544 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 2 643 976 мың теңге;»;
1-тармақтың 5), 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) бюджет тапшылығы (профициті) - -6 020 949 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 6 020 949 мың теңге;»;
тоғызыншы, оныншы, он төртінші, он бесінші, он сегізінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«эпизоотияға қарсы шараларды жүргізуге - 304 058 мың теңге;
мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға - 109 149 мың теңге;