2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 330 шешімі
(2012.25.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Қызылорда облыстық мәслихатының 2011.23.12. № 342 шешімімен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 10 шешімімен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. «2012-2014 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2012 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 109 153 500 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 7 047 770 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 356 202 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 800 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 101 745 728 мың теңге;
2) шығындар - 109 500 329 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 1 943 307 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 625 432 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге;
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -2 602 636 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 2 602 636 мың теңге.
2. Аудандар мен Қызылорда қаласының бюджеттерінен облыстық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері төмендегідей болып белгіленсін:
жеке табыс салығы: аудандар бюджеттерінен - 0 пайызға, Қызылорда қаласының бюджетінен - 50 пайызға;
әлеуметтік салық аудандар бюджеттерінен - 10 пайызға, Қызылорда қаласының бюджетінен - 57,3 пайызға.