Құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2012 жылғы 26 маусымдағы № 847 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 922 Қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі) 245-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, бұл ретте Қағидалардың 17-тармағы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2012 жылғы 26 маусымдағы
№ 847 қаулысымен бекiтiлген
Құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 245-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және құбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.