«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 және «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы» 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 698 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 және «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы» 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 698 Қаулысы

 

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік огандардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесінде:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстар, серпінді және статикалық ақпаратты қамтитындар болып бөлінеді»;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Ережеде мынадай негізгі терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

1) атрибут - HTML тілінің түрлеріне, алаңдарына, әдістеріне, ерекшеліктеріне және басқа да кейбір құрылымына жазылатын қосымша ақпарат;

2) балама мәтін - тек мәтінді көрсететін құрылғыларды пайдаланған кезде мәтіндік емес веб-контенттің мазмұнын және функциясын түсінуге мүмкіндік беретін мәтін;

3) веб-контент - электрондық ақпараттық ресурстың мәтіндік, мәтіндік емес немесе медиа мазмұны;

4) интернет-ресурс - ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істеп тұрған электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылым;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.