Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 және «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы» 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 698 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік огандардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесінде:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын электрондық ақпараттық ресурстар, серпінді және статикалық ақпаратты қамтитындар болып бөлінеді»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Ережеде мынадай негізгі терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
1) атрибут - HTML тілінің түрлеріне, алаңдарына, әдістеріне, ерекшеліктеріне және басқа да кейбір құрылымына жазылатын қосымша ақпарат;
2) балама мәтін - тек мәтінді көрсететін құрылғыларды пайдаланған кезде мәтіндік емес веб-контенттің мазмұнын және функциясын түсінуге мүмкіндік беретін мәтін;
3) веб-контент - электрондық ақпараттық ресурстың мәтіндік, мәтіндік емес немесе медиа мазмұны;
4) интернет-ресурс - ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істеп тұрған электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылым;