Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің кейбір мәселелері туралы
(2013.15.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Президентінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 814 Жарлығымен күші жойылды
ҚР Президентінің 2013.15.04. № 541 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Құпия.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 20, 201-құжат):
аталған Жарлыққа 4-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің жоғары офицерлік құрамының адамдары атқаруы тиіс лауазымдар тізбесі