«Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы № 437 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 883 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 542 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы № 437 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 18, 178-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы»;
\1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын (бұдан әрі - инспекторлар) аттестаттау өткізу тәртібін белгілейді.