Әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2012 жылғы 4 маусымдағы № 227 бұйрығы
ҚР Қорғаныс министрлігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 109 бұйрығымен күші жойылды
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 39-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы 26-бабының 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әскери оқу орындарына қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 24 маусымдағы № 275 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7098 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 7 қыркүйекте № 418-419 (26813) болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) мемлекеттік тіркегеннен кейін бұйрықты ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына жолдасын.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Министрдің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасына жүктелсін.
5. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Ә. Жақсыбеков |
Келісілді
Білім және ғылым министрі
Б.Жұмағұлов
2012 жылғы «__» _________
Қорғаныс министрінің
2012 жылғы 4 маусымдағы
№ 227 бұйрығымен
бекітілген
Әскери оқу орындарына қабылдау
қағидалары
1. Жалпы ережелер