«Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту жөніндегі ақпаратты беру нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 13 маусымдағы № 196 бұйрығы (күші жойылды)

Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту жөніндегі ақпаратты беру нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 13 маусымдағы № 196 бұйрығы

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 331 бұйрығымен күші жойылды

 

«Ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту бойынша кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) жоспарланған отырған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша ақпараттың нысаны (осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес);

2) сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы ақпараттың нысаны бекітілсін (осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес).

2. Осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген толтырылған нысандарды мыналар электронды түрде «Қазақстандық қамту» Интернет-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ұсынады және электронды-цифрлы қол қойып куәландырады:

1) ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, елу және одан да көп пайыз акциялары (жарғылық қапиталдағы қатысу үлесі) ұлттық басқару холдингтеріне, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алулары жергілікті қамту мониторингіне жататын ұйымдар;

3) концессионерлер.

3. Жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша ақпараттың нысаны жыл сайын сатып алуды жоспарлап отырған жылдың 1 ақпанына дейін ұсынылады.

Сатып алынған тауарлары, жұмыстары және қызметтері бойынша ақпараттардың нысаны тоқсан сайын, өсу қорытындысымен есеп беру мерзімінен кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей ұсынылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.