2012 - 2014 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Павлодар облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 404/40 шешімі
(2012.02.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Павлодар облыстық мәслихатының 2012.14.01. № 411/41 шешімімен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.02.04. № 38/4 шешімімен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. 2012 - 2014 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2012 жылға мына көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 88840840 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 19446898 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 365417 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 69028525 мың теңге;
2) шығындар - 91399850 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - 4532447 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттерді өтеу - 610194 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 5142641 мың теңге,
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 766172 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 766172 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -7857629 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 7857629 мың теңге.
2. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бюджеттеріне салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2012 жылға мына көлемдерде үлестіру бекітілсін:
жеке табыс салығы бойынша:
Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качиры, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу қаласына - 100 пайыз, Павлодар қаласына - 54,1 пайыз, Екібастұз қаласына - 67,1 пайыз;
әлеуметтік салық бойынша:
Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Качиры, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарына - 100 пайыз, Ақсу қаласына - 77 пайыз, Павлодар қаласына - 54,1 пайыз.