«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті (Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 мамырдағы № 149 қаулысына 5-қосымша) (алып тасталды)

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012.26.12. № 417 Қаулысымен алып тасталды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

2012 жылғы 23 мамырдағы

№ 149 қаулысына 5-қосымша

 

 

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
электрондық мемлекеттік қызметінің регламенті
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» электрондық мемлекеттік қызметі мекен-жайы осы регламенттің (бұдан әрі-Регламент) 1-қосымшасында көрсетілген, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- уәкілетті орган), баламалы негізде «электрондық үкімет» порталы www.e-gov.kz  (бұдан әрі-Портал) арқылы көрсетіледі

2. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік қызметі стандартының негізінде көрсетіледі.

3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің автоматтандырылу дәрежесі: ішінара автоматтандырылған (құрамында медиа-бөлулері бар электронды мемлекеттік қызметтер).

4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.

5. Осы Регламентте қолданылатын ұғымдар мен қысқартулар:

1) жеке сәйкестендіру нөмірі - жеке тұлғаға, сонымен қатар дербес кәсіпкерлікпен айналысатын жеке кәсіпкерге берілетін бірегей нөмір (бұдан әрі - ЖСН);

2) ақпараттық жүйе - ақпараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып ақпарат беруге, сақтауға, өңдеуге, іздеуге, насихаттауға арналған жүйе (бұдан әрі-АЖ);

3) медиа-бөлулер - құжаттарды электронды нұсқадан қағазға немесе керісінше аудару керек болғанда электрондық және қағаз нұсқасындағы құжат айналымын кезегімен алмастыру;

4) тұтынушы - уәкілетті органға қызмет көрсету жөнінде ресми өтініш беретін немесе ЭҮП құралдары арқылы электрондық тапсырыс беретін жеке тұлға;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.