(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АШ МИНИСТРІНІҢ М.А. 2011.01.09 № 18-03/495 Ж/Е...

Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 1 қыркүйекте № 18-03/495 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 16 қыркүйекте № 313 Бірлескен бұйрығы

 

Осы редакция 2012 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Бекітілсін:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тұқым шаруашылығы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң ресми жариялауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына жариялау.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекші Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

 міндетін атқарушы

 

 

М. Толыбаев

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.