34 Акцияларға негізделген, келісім талаптары не ұйымға не қарсы тарапқа негізінде ұйым ақша құралдарымен (немесе басқа активтермен) не акциялар шығару арқылы операциялар бойынша есеп айырысуды жүргізетін таңдау ұсынады, ұйым осы операцияны немесе осы операцияның компоненттерін, егер ұйымда ақша қаражатымен немесе басқа активтермен өтелетін міндеттеме туындауына байланысты акцияларға негізделген, есеп айырысу ақша құралдарымен жүргізілетін төлем операциясы ретінде немесе міндеттеменің туындамауына қарай акцияларға негізделген, есеп айырысу акциялармен жүргізілетін төлем операциясы ретінде ескеруі тиіс.
Акцияларға негізделген, келісім талаптары контрагентке есеп айырысу тәсілін таңдауды ұсынатын төлемдер операциялары
35 Егер ұйым қарсы тарапқа акцияларға негізделген төлемдер операциялар бойынша ақша қаражатымен немесе акциялар шығару арқылы есеп айырысу тәсілін таңдау құқығын ұсынса, онда ұйым борыштық компонент (яғни, қарсы тараптың ақыны ақша қаражатымен төлеуді талап ету құқығы) және үлестік компонент (яғни, қарсы тараптың есеп айырысуды ақша қаражатымен емес, акциялармен талап ету құқығы) кіретін аралас қаржы құралын ұсынады. Қызметкерлер болып табылмайтын тараптармен алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны тікелей өлшенетін операциялар үшін, ұйым аралас қаржы құралының үлестік компонентін тауарлар немесе қызмет көрсетулер алынған күнгі алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құны және борыштық компоненттердің әділ құны арасындағы айырма ретінде өлшеуі тиіс.
36 Қызметкерлермен операцияларды қоса алғанда, басқа операциялар үшін ұйым аралас қаржы құралдарының өлшеу күнгі әділ құнын ақша қаражатына немесе акцияларға құқықтар ұсынылған талаптарды ескере отырып өлшеуі тиіс.
37 36-тармақты қолданған кезде ұйым ең алдымен борыштық компоненттің әділ құнын, ал одан кейін үлестік компоненттің әділ құнын қарсы тараптың акцияны алуы үшін ақша қаражатын алу құқығынан бас тартуын назарға ала отырып өлшеуі тиіс. Аралас қаржы құралының әділ құны екі компоненттің әділ құндарының сомасы болып табылады. Дегенмен акцияларға негізделген, қарсы тарап өтеу тәсілін таңдайтын төлемдер операциялары әділ құн бір балама өтеу кезінде екінші кездегідей болатындай түрде жиі құрылымдалады. Мысалы, қарсы тараптың акцияларға опциондарды немесе акциялар құнының ақша қаражатымен өсуі құқығын алуды таңдауы бар. Осындай жағдайларда үлестік компоненттің әділ құны нөлге тең және тиісінше аралас қаржы құралының әділ құны борыштық компоненттің әділ құнына тең. Және керісінше, егер өтеудің әртүрлі тәсілдерінің әділ құндарының айырмашылығы болса, онда үлестік компоненттің әділ құны әдетте нөлден жоғары болады; бұл жағдайда аралас қаржы құралының әділ құны борыштық компоненттің әділ құнынан көп болады.
38 Ұйым алынған немесе сатып алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді аралас қаржы құралының әрбір компонентіне қатысты бөлек есепке алуы тиіс. Борыштық компонент үшін ұйым қарсы тарап акцияларға негізделген, есеп айырысу ақша қаражатымен жүргізілетін операцияларға қолданылатын талаптарға сәйкес (30-33-тармақтар) тауарларды жеткізген немесе қызметтерді көрсеткен кезде сатып алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және осы тауарлар немесе қызмет көрсетулер үшін ақы төлеу міндеттемесін тануы тиіс. Үлестік компонент үшін (егер осындай бар болса) ұйым алынған тауарларды немесе қызмет көрсетулерді және меншікті капиталдағы ұлғаюды қарсы тарап акцияларға негізделген, есеп айырысу акциялармен жүргізілетін операцияларға қолданылатын талаптарға сәйкес (10-29-тармақтар) тауарларды жеткізген немесе қызметтерді көрсеткен кезде тануы тиіс.
39 Ұйым өтеу күні міндеттемені оның әділ құны бойынша қайта бағалауы тиіс. Егер есеп айырысу кезінде ұйым акциялар шығарса, ақша құралдарымен төлемесе, онда міндеттеме шығарылған акциялар үшін өтем ретінде меншікті капиталға тікелей аударылуы тиіс.
40 Егер өтеу кезінде ұйым акциялар шығармай ақша қаражаттарымен төлесе, онда бұл төлем міндеттемені толық өтеуі тиіс. Бұрын танылған үлестік компонент меншікті капиталдың құрамында қалуы тиіс. Өтеу ретінде ақша қаражатын алуды таңдай отырып, қарсы тарап акцияларды алу құқығынан бас тартты. Дегенмен осы талап ұйымға меншікті капитал құрамындағы қозғалысты, яғни меншікті капиталдың бір компонентінен басқасына аударуды тануға кедергі жасамайды.
Акцияларға негізделген, келісімшарт талаптары ұйымға есеп айырысу тәсілін таңдауды ұсынатын төлемдер операциялары
41 Акцияларға негізделген, келісім талаптары ұйымға есеп айырысуды ақша қаражатымен немесе акциялар шығару арқылы жүргізуді таңдауды ұсынатын төлемдер операциялары үшін ұйым тиісті түрде оның есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізу міндеттемесінің бар екендігін айқындауы және акцияларға негізделген төлем операциясын ескеруі тиіс. Ұйымда, егер есеп айырысуды акциялармен таңдаудың коммерциялық мазмұны болмаса (мысалы, егер ұйымға акциялар шығаруға заңды түрде тыйым салынса) немесе ұйымның ақша қаражатымен есеп айырысу тәжірибесі немесе белгіленген саясаты болса, немесе әдеттегідей, егер қарсы тарап өтініш білдіріп есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізсе, есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізу міндеттемесі бар.
42 Егер ұйымның есеп айырысуды ақша қаражатымен жүргізу міндеттемесі болса, онда ол операцияны акцияларға негізделген, есеп айырысу ақша қаражатымен жүргізілетін төлемдер операцияларына қолданылатын 30-33-тармақтардың талаптарына сәйкес есепке алуы тиіс.
43 Егер ұйымда осындай міндеттеме болмаса, онда ол операцияны акцияларға негізделген, есеп айырысу ақша акциялармен жүргізілетін төлемдер операцияларына қолданылатын 10-29-тармақтардың талаптарына сәйкес есепке алуы тиіс:
(а) егер ұйым ақша қаражатымен есеп айырысуды таңдаса, онда ақшалай төлем меншікті капиталдың үлесін сатып алу ретінде, яғни төмендегі (с) тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, меншікті капиталдан шегерім ретінде ескерілуі тиіс;
(b) егер ұйым акциялар шығару арқылы есеп айырысуды таңдаса, онда төмендегі (с) -тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, одан кейінгі есепке алу талап етілмейді (егер қажет болса, меншікті капиталдың бір компонентінен басқасына аударудан басқа);
(с) егер есеп айырысу күні неғұрлым жоғары әділ құнмен есеп айырысу тәсілін таңдаса, онда ол қосымша өткізілген құн сомасындағы қосымша шығысты, яғни осы ережелердің қайсысы қолданылатынына қарай төленген ақша қаражаты және керісінше жағдайда шығарылуы мүмкін акциялардың әділ құны арасындағы айырманы немесе шығарылған акциялардың әділ құны және керісінше жағдайда төленуі мүмкін ақша қаражаты сомасы арасындағы айырманы тануы тиіс
43A Топ ұйымдары арасындағы акцияларға негізделген төлем операциялары үшін, өзінің бөлек немесе жеке қаржылық есептерінде, тауарлар мен қызмет көрсетулерді алатын ұйым осы алған тауарлар мен қызмет көрсетулерді акцияларға негізделген немесе ақшаға негізделген төлем операциясы ретінде:
(a) ұсынылған марапат негізі, және
(b) өзінің құқықтары мен міндеттері
негізінде бағалауы тиіс. Тауарлар мен қызмет көрсетулерді алатын ұйым таныған сома үлеске негізделген төлем операциясын жүргізіп жатқан басқа топ ұйымы немесе бірлескен топ таныған сомадан өзгеше болуы мүмкін.
43B Тауарлар мен қызмет көрсетулерді алатын ұйым осы алынған тауарлар мен қызмет көрсетулерді үлеске негізделген акциялар арқылы төлем операциясы ретінде келесі жағдайда бағалауы тиіс:
(a) ұсынылған марапаттар өз акция құралдары болып табылғанда, немесе
(b) үлеске негізделген төлем операциясын жүргізуге ұйымның міндеті жоқ болғанда.
Ұйым осындай акцияларға негізделген төлем операциясын 19-21 тармақтарға сәйкес нарықтық емес құқыққа өту талаптарындағы өзгерістер үшін ғана қайта бағалауы тиіс. Бұдан басқа барлық жағдайлар үшін тауарлар мен қызмет көрсетулерді алатын ұйым осы алынған тауарлар мен қызмет көрсетулерді ақша арқылы үлеске негізделген төлем операциясы ретінде бағалауы.
43C Үлеске негізделген төлем операциясын жүргізіп жатқан ұйым топ құрамындағы басқа ұйым тауарлар мен қызмет көрсетулерді алу барысындағы операцияны акцияларға негізделген төлем операциясы ретінде егер ұйымның өз акция құралдары арқылы жүргізілсе ғана тануы тиіс. Басқа жағдайда, операция ақша арқылы үлеске негізделген төлем операциясы ретінде танылуы тиіс.
43D Кейбір топтық операцияларына бір топтық ұйымның басқа топтық ұйымға тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізушілерге үлеске негізделген төлемдермен қамтамасыз етуі үшін төлеуді талап ететін қайта төлеу шаралары кіреді. Осындай жағдайларда, топ арасындағы қайта төлеу шараларына қарамастан тауарлар мен қызмет көрсетулерді алатын ұйым 43B тармаққа сәйкес үлеске негізделген төлем операциясын есептей алады.
Ақпаратты ашып көрсету
44 Ұйым қаржылық есептіліктің пайдаланушыларына акцияларға негізделген, кезең ішінде болған төлемдер туралы келісімнің сипаты және мөлшерін түсінуге мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
45 44-тармақта жазылған принципті жүзеге асыру үшін тармақ тым болмағанда мынадай ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:
(а) әрбір келісімнің өту талаптары, ұсынылған опциондардың ең жоғары мерзімі және есеп айырысу әдісі (мысалы, ақша қаражатымен немесе акциялармен) сияқты жалпы талаптарын қоса алғанда, акцияларға негізделген, кезең ішінде кез келген уақытта болған төлемдер туралы келісімдердің әрбір түрінің сипатын. Біршама дәрежеде акцияларға негізделген келісімдердің ұқсас түрлері бар ұйым олар туралы ақпаратты, егер 44-тармақтағы ұстанымды қанағаттандыру үшін ғана әрбір келісім бойынша бөлек ашып көрсету талап етілмесе, біріктіреді;
(b) опциондардың мынадай топтарының әрқайсысы үшін акцияларға опциондардың санын және орындалуының орташа алынған бағасын:
(i) кезеңнің басында орындалмаған;
(ii) кезең ішінде ұсынылған;
(iii) кезең ішінде алынған;
(iv) кезең ішінде орындалған;
(v) мерзімі кезең ішінде аяқталған;
(vi) кезең соңында орындалмаған; және
(vii) кезең соңында әлі де орындалуы мүмкін;
(с) кезең ішінде орындалған акцияларға опциондар үшін орындау күніне акциялардың орташа алынған бағасын. Егер опциондар кезең ішінде жүйелі түрде орындалса, ұйым мұның орнына акциялардың кезең ішіндегі орташа алынған бағасын ашып көрсетеді;
(d) кезең соңында орындалмаған акцияларға опциондар үшін орындау бағаларының диапазоны және шартты қолданудың қалған мерзімдерінің орташа алынған мәнін. Егер орындау бағаларының диапозоны ауқымды болса, онда орындалмаған опциондар шығарылуы мүмкін қосымша акциялардың және осы опциондарды орындау кезінде алынуы мүмкін ақша қаражатының санын және уақыт бойынша бөлуді бағалау үшін көрсетілетін диапазондарға бөлінуі тиіс.
46 Ұйым қаржылық есептіліктің пайдаланушыларына алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің құны немесе кезең ішінде ұсынылған акциялардың әділ құны қалай белгіленгенін түсінуге мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
47 Егер ұйым ұйымның акциялары үшін өтем ретінде алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құнын ұсынылған акциялардың әділ құны негізінде жанама өлшесе, онда 46-тармақта көрсетілген принципті жүзеге асыру үшін ұйым кем дегенде мыналарды ашып көрсетуі тиіс:
(а) кезең ішінде ұсынылған акцияларға опциондар үшін осы опциондардың өлшеу күніндегі орташа алынған бағасын және мыналарды қоса отырып, осы әділ құн қалай өлшенгені туралы ақпаратты:
(і) опционның бағасын айқындаудың пайдаланылған үлгісін және акциялардың орташа алынған бағасын, орындалу бағасын, күтілетін өзгергіштікті, опциондардың мерзімін, күтілетін дивидендтерді, пайыздың тәуекелсіз мөлшерлемені қоса отырып, осы үлгіге арналған бастапқы ақпаратты, сондай-ақ пайдаланылған әдісті және күтілетін мерзімнен тыс орындаудың әсер етуін есепке алу үшін қабылданған жорамалды қоса отырып, үлгіге арналған басқа бастапқы ақпаратты;
(іі) күтілетін өзгергіштік тарихи өзгергіштікке қаншалықты негізделгендігін түсіндіруді қоса отырып күтілетін өзгергіштіктің қалай анықталғандығы туралы ақпаратты;
(ііі) опциондарды ұсынудың басқа талаптарының, мысалы, нарықтық талаптар сияқты, болғаны не болмағаны, әділ құнды өлшеу кезінде ескерілгені және қандай түрде ескерілгені туралы ақпаратты;
(b) кезең ішінде ұсынылған басқа акциялар үшін (яғни, акцияларға опциондардан басқа) осы акциялардың өлшеу күнгі санын және орташа алынған бағасын және мыналарды қоса отырып, осы әділ құн қалай өлшенгені туралы ақпаратты:
(і) егер әділ құн бақыланып отырған нарықтық баға негізінде өлшенбесе, онда ол қалай анықталғаны туралы ақпаратты;
(іі) күтіліп отырған дивидендтер әділ құнды өлшеу кезінде ескергені не ескерілмегені және қандай түрде ескерілгені туралы ақпаратты;
(ііі) ұсынылған акциялардың басқа сипаттарының әділ құнды өлшеу кезінде ескерілгені не ескерілмегені және қандай түрде ескерілгені туралы ақпаратты;
(с) кезең ішінде өзгерген, акцияларға негізделген төлемдер туралы келісімдер үшін:
(і) осы өзгерістердің түсіндірмесі;
(іі) ұсынылған қосымша әділ құнның көлемін (осы өзгерістердің нәтижесінде);
(ііі) ұсынылған қосымша әділ құн, егер қолданылса, жоғарыдағы (а) және (b) тармақтарында берілген талаптарға сәйкес қалай өлшенгені туралы ақпаратты.