«Акциялар негізіндегі Төлемдер» 2 (IFRS) Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты (2013 ж.)

Предыдущая страница

48                  Егер ұйым кезең ішінде алынған тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің әділ құнын тікелей өлшесе, онда ол осы әділ құн қалай анықталғаны, мысалы, ол осы тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің нарықтық бағасы бойынша өзгергені не өзгермегені туралы ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.

49                  Егер ұйым 13-тармақта көрсетілген жорамалды теріске шығарса, онда ол осы фактіні ашып көрсетуі және осы жорамалдың ненің негізінде теріске шығарылғанын түсіндіруі тиіс.

50                 Ұйым қаржылық есептіліктің пайдаланушыларына акцияларға негізделген төлемдер операцияларының ұйымның кезең ішіндегі пайдасына немесе залалына және оның қаржылық жағдайына әсерін түсінуге мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.

51                  50-тармақта көрсетілген принципті жүзеге асыру үшін ұйым кем дегенде мынадай ақпаратты ашып көрсетуі тиіс:

(а)              шығыстың жалпы сомасының акцияларға негізделген, есеп айырысу акциялармен жүргізілетін төлемдер операцияларының нәтижесінде танылған бөлігіндегі жеке ашып көрсетуді қоса алғанда, кезең ішінде танылған, акцияларға негізделген, алынған тауарлар немесе қызмет көрсетулер активтер ретінде тану талаптарына сай келмеген және сондықтан бірден шығыс ретінде танылған төлемдер операцияларының нәтижесінде туындаған шығыстың жалпы сомасын;

(b)        акцияларға негізделген төлемдер операциялары нәтижесінде туындаған міндеттемелер үшін:

(і)            кезең соңындағы жалпы қаржылық жағдай есебі құнын; және

(іі)           қарсы тараптың ақша қаражатына құқығы немесе басқа активтері кезең соңында өткізілген (мысалы, акциялар құнының өсуіне арналған, өткізілген құқық) кезең соңындағы міндеттемелердің жалпы ішкі құны.

52                  Егер осы Стандартты ашып көрсетуді талап ететін ақпарат 44, 46 және 50-тармақтардың ұстанымдарын қанағаттандырмаса, онда ұйым оларды қанағаттандыру үшін қажетті осындай қосымша ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.

Өтпелі кезең  шарттары

53                  Акцияларға негізделген, есеп айырысу акциялармен жүргізілетін төлемдер операциялары үшін ұйым осы Стандарт акцияларды, акцияларға опциондарды немесе 2002 жылғы 7 қарашадан кейін ұсынылған, оларға құқықтар осы Стандарт күшіне енген күні әлі өтпеген басқа акцияларды ұсынуға қолдануы тиіс.

54                  Егер ұйым осы акциялардың өлшеу күні белгіленген әділ құнын жария түрде ашып көрсетсе, ұйымнан осы Стандарт ұсынылған басқа акцияларға қолдану талап етілмейді, дегенмен құптауға болады.

55                  Осы Стандарт қолданылатын акциялар бойынша барлық операциялар үшін ұйым салыстырмалы ақпаратты қайта санауы және қолданылатын жерде бөлінбеген пайданың бастапқы сальдосын ұсынылған кезеңдердің ең біріншісі үшін түзетуі тиіс.

56                  Осы Стандарт қолданылмаған акцияларды (мысалы, 2002 жылғы 7 қарашада немесе бұрын ұсынылған акциялар) ұсыну бойынша барлық операциялар үшін ұйым сонымен қатар 44 және 45-тармақтарда талап етілетін ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.

57                  Осы Стандарт күшіне енгізілгеннен кейін ұйым осы Стандарт қолданылмаған акцияларды ұсыну жөніндегі келісімдердің талаптарын өзгертеді, онда ұйым сонымен қатар осындай өзгерістерді есепке алу үшін 26-29-тармақтарды қолдануы тиіс.

58                  Осы Стандарт күшіне енген күні қолда бар акцияларға негізделген төлемдер операцияларының нәтижесінде туындаған міндеттемелер үшін ұйым Стандарт ретроспективті түрде қолдануы тиіс. Осы міндеттемелер үшін ұйым ұйымнан салыстырмалы ақпаратты осы ақпарат кезеңге немесе 2002 жылғы 7 қарашадағы күнге жататын дәрежеде қайта санауды талап етілмейтін жағдайды қоспағанда, салыстырмалы ақпарат қайта саналған ұсынылған кезеңдердің ең біріншісінде бөлінбеген пайданың бастапқы сальдосын түзетуді қоса алғанда салыстырмалы ақпаратты қайта санауы тиіс.

59                  Ұйымнан осы Стандарт акцияларға негізделген төлемдер операцияларының нәтижесінде туындаған басқа міндеттемелерге, мысалы, кезең ішінде өтелген, ол бойынша салыстырмалы ақпарат ұсынылған міндеттемелерге ретроспективті түрде қолдану талап етілмейді, дегенмен құптауға болады.

Күшіне ену күні

60                  Ұйым осы Стандарт 2005 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Мерзімінен бұрын қолдануды құптауға болады. Егер ұйым осы Стандарт 2005 жылғы 1 қаңтардан басталатын кезең үшін қолданса, оның осы фактіні ашып көрсеткені жөн.

61                  3 (2008 жылғы редация) ХҚЕС (IFRS) және 2009 жылдың сәуірінде шығарылған ХҚЕС-ға Жетілдірулер бойынша 5 тармаққа түзетулер енгізілді. Ертерек кезеңдерге қодануға рұқсат етіледі. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 шілдесінде немесе бұдан кейін бастап қолданыуы тиіс. Егер ұйым 3 (2008 жылғы редакция) ХҚЕС-ын(IFRS) ертерек мерзімде қолданса, сол ертерек мерзімде осы түзетулер қолданылуы тиіс.

62                  Ұйым төмендегі түзетулерді ретроспективті түрде 2009 жылдың 1 қаңтарында немесе одан кейін басталатын жылдық кезеңдерде қолдануы тиіс:

(a)              құқық бермейтін шарттарға қатысты 21А тармағындағы талаптар;

(b)              А қосымшасындағы «құқығына ену», «үлестік құқыққа өту талабы» терминдерінің қайта қаралған анықтамалары;

(c)                    күшін жоюға қатысты 28 және 28А тармақтарындағы түзетулер.

Ертерек қолдануға рұқсат етіледі. Егер ұйым осы түзетулерді 2009 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезіңде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс.

63                  2009 жылы маусымда шығарылған Топтық ақша арқылы үлеске негізделген төлем операциялары жасаған келесі өзгертулерді ретроспективті түрде қолдануы тиіс, 53-59 тармақтарындағы көшу жабдықтауларына жүгінетін, 8 ХҚЕС (IFRS) Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларындағы өзгерістер мен қателерге сәйкес 2010 жылдың 1 қаңтарынан немесе одан кейінгі жылдық мерзімдер үшін:

(a)                       топтық ұйымдар арасындағы операциялар есебіне қатысты 2 тармаққа өзгеріс,  3 тармақтың жойылуы мен 3A және 43A-43D тармақтары мен B қосымшасындағы B45, B47, B50, B54, B56-B58 және B60 тармақтарының қосылуы.

(b)                       A қосымшасындағы келесі ұғымдардың қайта қаралған түсініктемелері:

•                            ақша арқылы акцияларға негізделген төлем операциясы,

•                            акцияларға негізделген есеп айрысу акциялармен жүргізілетін акциялармен жүргізілетін төлем операциясы.

•                            акциялармен жүргізілетін төлем келісімі,және

•                            акциялармен жүргізілетін төлем операциасы

Егер ретроспективті қолдану үшін қажет ақпаратқа қол жеткізу мүмкін болмаса, топтың бұрынғы бірлескен есеп беруінде танылған сомаларды ұйым өзінің бөлек немесе жеке есеп берулерінде көрсетуі тиіс. Ертерек қолдануға рұқсат етіледі. Егер ұйым осы түзетулерді 2010 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс.

63А        2011 жылғы мамыр айында шыққан 10 ХҚЕС мерзімі ұзартылған қаржылық есептілік және 11 ХҚЕС-қа 5 тармақ және А қосымшасына түзетулер енгізілді.Ұйым 10 ХҚЕС және 11 ХҚЕС қолданған уақытта осы түзетулерді қолдану қажет.

Түсінік берулерден бас тарту

64                    2009 жылы маусымда шығарылған Топтық ақша арқылы үлеске негізделген төлем операциялары 8 ХҚЕСТК (IFRIC) 2 ХҚЕС (IFRS) Қолдану аясынан және 11 ХҚЕСТК (IFRIC) 2 ХҚЕС (IFRS) — Топ және қазыналық үлес операцияларынан басым болып табылады. Сол құжат жасаған өзгерістер 8 ХҚЕСТК (IFRIC) және 11 ХҚЕСТК-де (IFRIC)  көрсетілген бұрынғы талаптарды келесі түрде қосты:

(a)              ұйым алған тауарлар мен қызмет көрсетулердің кейбіреулерін немесе барлығын әдейі түрде куәландыра алмайтын операцияларды есептеуге қатысты  13A тармағы қосылды және 2  тармақ өзгертілді. Осы өзгертулер 2006 жылдың 1 мамырынан бастап жылдық мерзімдер үшін күшіне енді.

(b)              топтық ұйымдар арасындағы операциялар есебіне қатысты B қосымшасындағы B46, B48, B49, B51-B53, B55, B59 және B61 тармақтары өзгертілді. Осы өзгертулер 2007 жылдың 1 наурызынан бастап немесе одан кейінгі жылдық мерзімдер үшін күшке енді.

Осы өзгерістер 8 ХҚЕС (IAS) талаптарына сәйкес, 2 ХҚЕС-қа (IFRS) көшу кезіндегі жағдайларына жүгінетін, ретроспективті түрде қолданылды.

 

А Қосымшасы

Терминдердің анықтамасы

Бұл қосымша осы ХҚЕС-ының (IFRS) ажырамас бөлігі болып табылады.

 

 

В қосымшасы

Қолдану бойынша нұсқау

Бұл қосымша осы Стандарттың  ажырамас бөлігі болып табылады.

Ұсынылған акциялардың әділ құнын бағалау

В1            Осы қосымшаның В2-В41-тармақтарында ұсынылған акциялардың және акцияларға опциондардың әділ құнын өлшеу қарастырылады. Қызметкерлерге акциялар немесе акцияларға опциондар ұсыну бойынша операциялардың жалпы сипатты болып табылатын белгілі бір талаптарға ерекше назар аударылады. Осыған байланысты ол жан-жақты болып табылмайды. Сонымен қатар бұдан әрі қарастырылатын бағалау мәселелері негізінен қызметкерлерге ұсынылған акцияларға және акцияларға опциондарға жатады, акциялардың немесе акцияларға опциондардың әділ құны ұсыну күні өлшенетіні туралы жорамал қабылданады. Дегенмен бұдан әрі қарастырылатын көптеген бағалау мәселелері (мысалы, күтілетін өзгергіштікті айқындау) ұйым тауарлар алатын немесе қарсы тарап қызмет көрсетін күні қызметкерлер болып табылмайтын тараптарға ұсынылған акциялардың немесе акцияларға опциондардың әділ құнының есеп айырысу бағасы контексте қолданылады.

Акциялар

В2            Қызметкерлерге ұсынылған акциялардың әділ құны ұйым акцияларының акциялар ұсынылған талаптарды (19-21-тармақтарға сәйкес әділ құнды өлшеуден алынып тасталатын өту талаптарын қоспағанда) ескерілетіндей етіп түзетілген нарықтық бағасы бойынша (немесе, егер ұйымның акциялары нарықта еркін айналмаса, есептелген нарықтық бағасы бойынша) өлшенуі тиіс.

В3            Мысалы, егер қызметкердің өту кезеңі ішінде дивидендтер алуға құқығы болмаса, осы фактор ұсынылған акциялардың әділ құнын бағалау кезінде назарға алынуы тиіс. Сол секілді, егер өту күнінен кейін акцияларды өткізуге шектеу болса, осы факт назарға алынуы тиіс, бірақ осы шектеулер осы акция үшін нарықтың жақсы хабардар, осындай операцияны жасауға ниетті қатысушысы төлейтін бағаға әсер ететін дәрежеде ғана. Мысалы, егер акциялар толық және өтімді нарықта белсенді айналса, өту күнінен кейін өтуге шектеулердің осы акция үшін нарықтың жақсы хабардар, осындай операцияны жасауға ниетті қатысушысы төлейтін бағаға шамалы әсер етуі немесе ешқандай әсері болмауы мүмкін. Өту кезеңі ішіндегі өтуге шектеулер немесе басқа шектеулер акциялардың ұсыну күнгі әділ құны бағалау кезінде назарға алынуы тиіс, себебі осы шектеулер 19-21-тармақтарға сәйкес ескерілетін өту талаптарының болуынан туындайды.

Акцияларға опциондар

В4            Қызметкерлерге ұсынылған акциялар опциондар үшін көптеген жағдайларда нарықтық бағаларға қолы жетпейді, себебі ұсынылған опциондар бойынша нарықта айналыстағы опциондарға қолданылмайтын талаптар белгіленген. Егер нарықта осындай талаптармен айналыстағы опциондар болмаса, онда ұсынылған опциондардың әділ құны опциондардың бағасын айқындау үлгісін қолдану арқылы бағалануы тиіс.

В5           Ұйым нарықтың жақсы хабардар, операция жасауға ниетті қатысушыларының опционның бағасын айқындау үлгісін таңдау кезінде қарауы тиіс факторларды ескеруі тиіс. Мысалы, қызметкерлерге ұсынылған көптеген опциондардың ұзақ мерзімі бар; әдетте олар опционның өту күні және мерзімінің аяқталуы арасындағы кезең ішінде орындалуы мүмкін және мерзімінен бұрын жиі орындалады. Осы факторларды опциондардың ұсыну күнгі әділ құнын бағалау кезінде ескерген жөн. Көптеген ұйымдар үшін осы факторлар опциондардың мерзімінен бұрын орындалу үшін мүмкіндігі көзделмейтін және күтілетін мерзімінен бұрын орындалуға дұрыс әсер етпейтін Блэк-Шоулс-Мертон формуласын пайдалануға мүмкіндік бермейді. Осы үлгіде сондай-ақ күтілетін өзгергіштік және үлгіге арналған басқа бастапқы ақпарат опцион мерзімі ішінде өзгеруі мүмкін екені ескерілмейді. Дегенмен біршама қысқа мерзімі бар, шартта көзделген немесе өту күнінен кейін қысқа уақыт мерзімі ішінде орындалуы мүмкін акцияларға опциондарға аталған факторлар қолданылмауы мүмкін. Осы жағдайларда Блэк-Шоулс-Мертон формуласы опционның бағасын белгілеудің неғұрлым икемді үлгісін қолдану нәтижесінде алынатын құнға нақты сәйкес келетін құнға әкеп соғады.

В6              Баға белгілеудің барлық үлгісі кем дегенде мынадай факторларды:

(а)              опционды орындау бағасын;

(b)              опционның мерзімі;

(с)              акциялар негізін құрайтын ағымдағы бағасы;

(d)              акциялар бағасының күтілетін өзгергіштігін;

(е)              акциялар бойынша күтілетін дивидендтерді (егер қолданылса); және

(f)               опционның мерзіміне тәуекелсіз пайыздық мөлшерлемені назарға алады.

В7           Нарықтың жақсы хабардар, операция жасауға ниетті қатысушылары баға белгілеу кезінде қарауы тиіс басқа факторлар да назарға алынуы тиіс (19-22-тармақтарға сәйкес әділ құнның өзгеруіне алынып тасталатын өту талаптарын және қалпына келтіру сипаттарын қоспағанда).

В8           Мысалы, қызметкерге ұсынылған акцияларға опцион әдетте белгілі бір кезеңдер ішінде орындалуы мүмкін (мысалы, өту кезеңі немесе бағалы қағаздарды реттейтін органдары белгілеген кезеңдер ішінде). Егер опционның бағасын белгілеудің қолданылған үлгісі опционның оның мерзімі ішіндегі кез келген уақытта орындалуы мүмкін екені туралы жорамалды өзгеше көздесе, осы фактор назарға алыну тиіс. Дегенмен, егер ұйым опционның бағасын белгілеудің опциондардың бағалауға арналған, опцион мерзімінің соңында ғана орындалуы мүмкін үлгісін қолданса, онда оларды өту кезеңі (немесе опцион мерзімі ішіндегі басқа кезеңдер) ішінде орындау мүмкіндігі жоқ екенін есепке алу үшін ешқандай түзету талап етілмейді, себебі үлгіде опциондардың осы кезеңдер ішінде орындалмауы мүмкін екені көзделеді.

В9           Қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондарға тән тағы бір фактор опционды мерзімінен бұрын орындау мүмкіндігі болып табылады, мысалы, өйткені опцион еркін жылжи алмайды немесе қызметкер оған өткен барлық опциондарды жұмыстан шығу кезінде орындауы тиіс болады. Күтілетін мерзімінен бұрын орындау В16-В21-тармақтарда көрсетілгендей назарға алынуы тиіс.

В10         Нарықтың жақсы хабардар, операция жасауға ниетті қатысушысы акцияларға опционның (немесе басқа акцияның) бағасын белгілеу кезінде қарауы тиіс факторлар ұсынылған акцияларға опционның (немесе басқа акцияның) әділ құнын бағалау кезінде ескермеуі тиіс. Мысалы, қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондар үшін опционның құнына тек жекелеген қызметкердің көзқарасы бойынша ғана әсер ететін факторлар нарықтың жақсы хабардар, операция жасауға ниетті қатысушысы белгілеуі мүмкін бағаны бағалау үшін маңызды емес.

Опциондардың бағасын белгілеу модельдеріне арналған бастапқы ақпарат

В11         Акциялар мен дивидендтер негізінде жатқан күтілетін өзгергіштікті бағалау кезінде олар бойынша мақсат опцион үшін ағымдағы нарықтық немесе шарттық айырбастау бағасында көрсетілуі мүмкін күтілетін жақындаған баға болып табылады. Тиісінше, қызметкерлерге ұсынылған акцияларға опциондарды мерзімінен бұрын орындаудың ықпалын бағалау кезіндегі мақсат қызметкерлердің опциондарды орындау ерекшеліктері туралы нақты ақпаратқа рұқсаты бар сыртқы тараптың ұсыну күнінен қол жеткізілген ақпаратқа негіздей отырып әзірлеуі тиіс күтулердің жақындаған бағалаудан тұрады.