«Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет» 5 (IFRS) Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты (2013 ж.)

Предыдущая страница

35                Ағымдағы кезеңде ілгеріде тоқтатылған қызмет құрамында ұсынылған, өткен кезеңде тоқтатылған қызметтің шығарылуына қатысты сомаларға жасалған түзетулер тоқтатылған қызмет құрамында бөлек жіктелуге тиіс. Мұндай түзетулердің сипаты мен сомасы ашып көрсетілуге тиіс. Осындай түзетулер туындауы мүмкін жағдайлардың мысалдарына мыналар жатады:

(а)       шығару операциясының шарттары нәтижесінде туындайтын белгісіздікті жою, мысалы, сатып алушымен сатып алу бағасын түзетуді және өтемақы мәселелерін реттеу;

(b)       салдары ретінде туындайтын және компоненттің ол шығарылғанға дейінгі қызметіне тікелей қатысты белгісіздікті жою, мысалы, қоршаған ортаны қорғау бойынша міндеттемелер және сатушыда сақталатын өнімдер бойынша кепілдік міндеттемелер;

(с)       шығару операциясына тікелей қатысы бар екендігін ескере отырып, зейнетақы жоспарының міндеттемелерін өтеу.

36                Егер ұйым компонентін сатуға арналған ретінде жіктеуді тоқтатса, компонент қызметінің ілгеріде 33-35-тармақтарға сәйкес тоқтатылған қызметтің бір бөлігі болып ұсынылған нәтижелері қайта жіктелуге және барлық ұсынылған кезеңдер үшін жалғастырылып отырған қызметтен түскен пайдаға кіргізілуі тиіс. Алдыңғы кезеңдер үшін сомаларға қатысты олардың ұсынылуының өзгергені көрсетілуге тиіс.

36А             Еншілес ұйымды басқарудан айырумен бірге жүретін сату жоспарына енгізілген ұйым, еншілес ұйым 32-тармаққа сәйкес тоқтатылған қызмет анықтамасына сай шығаруға арналған топ болғанда, 33-36- тармақтарда талап етілген ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.

Жалғастырылатын қызметке қатысты пайда немесе залал

37                Сатуға арналған ретінде жіктелген, тоқтатылған қызметтің анықтамасына сәйкес келмейтін ұзақ мерзімді активті (шығаруға арналған топтарды) қайта бағалаудан болған басқа да пайда немесе залал жалғастырылған қызметтен түскен пайдаға немесе залалға жатқызылуы тиіс.

Сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті немесе шығаруға арналған топты көрсету

38                Ұйым сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті және сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтың активтерін қаржылық жағдай туралы есепте басқа да активтерден бөлек көрсетуге тиіс. Сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтың міндеттемелері қаржылық жағдай туралы есептебасқа міндеттемелерден бөлек көрсетілуі керек. Бұл активтер мен міндеттемелер өзара есепке алынбауы және бір сома ретінде көрсетілмеуі керек. Сатуға арналған ретінде жіктелген активтер мен міндеттемелердің негізгі қызметі бөлек не қаржылық жағдай есебінің өзінде, не 39-тармақпен рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, ескертулерде ашып көрсетілуге тиіс. Ұйым тікелей басқа толық табыс арқылы танылған және сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активке (шығаруға арналған топқа) жататын кез келген жинақталған кірістер мен шығыстарды бөлек көрсетуге тиіс.

39                Егер шығаруға арналған топ сатып алған кезде сатуға арналған ретінде жіктелген талаптарды орындайтын еншілес ұйым таяу арада сатып алған болып табылса (11-тармақты қараңыз), онда активтер мен міндеттемелердің негізгі қызметтерін ашып көрсету талап етілмейді.

40                Ұйым ұзақ мерзімді активтер бойынша немесе сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топтардың активтері мен міндеттемелері бойынша көрсетілген сомаларды өткен кезеңдердің қаржылық жағдай есебінде ең соңғы көрсетілген кезең үшін қаржылық жағдай туралы есепте көрсету үшін екінші рет қайта жіктемеуге және ұсынбауға тиіс.

Ақпаратты қосымша ашып көрсету

41                Ұйым ұзақ мерзімді актив (немесе шығаруға арналған топ) сатуға арналған ретінде жіктелген не сатылған кезең үшін ескертулерде мынадай ақпаратты:

(а)       ұзақ мерзімді активтің (немесе шығаруға арналған топтың) сипатын;

(b)       сату немесе болжанатын шығаруға әкелетін фактілер мен жағдайлардың сипатын және осы шығарудың күтілген тәсілі мен уақытын;

(с)       20-22-тармақтарға сәйкес танылған басқа да пайда немесе залалды, егер пайда және залал  туралы есептің өзінде бұл жеке көрсетілмесе, онда осы пайда немесе залал кіретін пайда және залал туралы есептің бабын;

(d)       егер қолданылса, онда ұзақ мерзімді актив (немесе шығаруға арналған топ) 8 Операциялық бөлімдер ХҚЕС-қа(IFRS)  сәйкес ұсынылған сегментті ашып көрсетуге тиіс.

42                        Егер 26 немесе 29-тармақ қолданылса, онда ұйым ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жоспарына өзгерістер енгізу жөнінде шешім қабылданған кезеңде осы шешімге әкелген фактілер мен жағдайлардың сипатын және бұл шешімнің осы кезең және осының алдында көрсетілген кезеңдер қызметінің нәтижелеріне тигізетін әсерін ашып көрсетуі тиіс.

Өтпелі кезең шарттары

43                Осы Стандарт күшіне енген күннен кейін болашақта осы Стандарт сатуға арналған ретінде жіктеу талаптарын қанағаттандыратын ұзақ мерзімді активтерге (немесе шығаруға арналған топтарға) және тоқтатылған ретінде жіктеу талаптарын қанағаттандыратын қызметке қолданылуға тиіс. Егер бағалар және осы Стандартты қолдануға қажетті басқа да ақпарат бұл талаптар бастапқыда қанағаттандырылған уақытта алынған болса, ұйымның осы Стандарт талаптарын осы Стандарт күшіне енген күнге дейінгі кез келген күннен кейін сатуға арналған ретінде жіктеу талаптарын қанағаттандыратын барлық ұзақ мерзімді активтерге (немесе шығаруға арналған топтарға) және тоқтатылған ретінде жіктеу талаптарын қанағаттандыратын қызметке қолдануына болады.

Күшіне ену күні

44            Ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтарда немесе осы күннен кейін басталатын жылдық кезеңдер үшін қолдануға тиіс. Мерзімінен бұрын қолдану құпталады. Егер ұйым осы Стандартты 2005 жылғы 1 қаңтарда басталатын кезең үшін пайдаланса, онда ол осы фактіні ашып көрсетуге тиіс.

44А             1  ХҚЕС (IAS) (2007 жылғы редакциясы) бойынша ХҚЕС-тарда (IFRS)  қолданылған терминологияға түзету енгізілді. Сонымен бірге 3 және 38 тармақтарына түзетулер енгізілді және 33А тармағы қосылды. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 1  ХҚЕС-ын (IAS) (2007 жылғы редакция)ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.

44В             27 ХҚЕС (IAS) (2008 жылғы редакция) 33(d) тармағы қосылды. Ұйым осы түзетулерді жылдық кезеңдер үшін 2009 жылдың 1 шілдесінен немесе осы күннен кейін бастап қолдануы тиіс. Егер ұйым 27 ХҚЕС-ты(IAS) (2008 жылғы редакция) ертерек мерзімде қолданса, осы түзетулер сол ертерек мерзім ішінде қолданылуы тиіс.

44С             , 36А тармақтары 2008 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС-тарына (IFRS)  Жетілдірулер бойынша қосылды. Осы түзетулерді ұйым 2009 жылдың 1 шілдесінен немесе бұдан кейінгі күннен бастап жылдық кезеңдер үшін қолдануы тиіс. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Алайда, ұйым түзетулерді, сонымен қатар 27 ХҚЕС-ын (IAS) қолданбағанша (2008 жылғы редакция), 2009 жылдың 1 шілдесіне дейін басталатын жылдық кезеңдер үшін қолданбауы тиіс. Егер ұйым түзетулерді 2009 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданса, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс. Ұйым түзетулерді проспективті түрде 5 ХҚЕС (IFRS) бірінші рет қолданған күннен бастап, 27 ХҚЕС (IAS) 45-тармағындағы (2008 жылдың мамырында түзетілген) ауысу сатысы ережелерін орындай отырып қолдануы тиіс.

44D             17 ХҚЕСТК (IFRIC) бойынша 2008 жылдың қарашасында 5А, 12А және 15А тармақтары қосылды және 8 -тармаққа түзетулер енгізілді. Осы түзетулер 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап жылдық кезеңдер үшін иелерге үлестіруге арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активтерге қатысты проспективті түрде қолданылады. Ретроспективті түрде қолдануға рұқсат етілмейді. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Егер ұйым түзетулерді 2009 жылдың 1 шілдесіне дейінгі кезеңде қолданысқа енгізсе, бұл деректі ашып көрсетуі тиіс және 3 Бизнес бірлестіктері ХҚЕС (IFRS)  (2008 жылғы редакция), 27 ХҚЕС (IAS) (2008 жылдың мамырында түзетілген) және 17 ХҚЕСТК (IFRIC) қолдануы тиіс.

44E              2009 жылы сәуір айында шығарылған ХҚЕС (IFRS)  Жетілдіру 5B-тармағын қосты. Ұйым осы өзгертулерді 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе одан кейінгі  жылдық мерзімдер үшін проспективті түрде қолдануы тиіс. Ертерек қолданыс рұқсат етіледі. Егер ұйым өзгертулерлі ерте мерзімдер үшін қолданса, ол бұл жайында жариялауы тиіс.

44F              2010 жылғы қарашада шығарылған 9 ХҚЕС (IFRS) толытырылған 5- тармақ. Ұйым  2010 жылғы қарашада шығарылған 9 ХҚЕС (IFRS) қолданған кезде осы тармақты қолдануы тиіс.

44G             2011 жылғы мамырда шығарылған 11ХҚЕС (IFRS) 28- тармақты қосты. Ұйым  11ХҚЕС (IFRS) қолданған кезде осы тармақты қолдануы тиіс.

44H             2011 жылғы мамырда шығарылған 13 ХҚЕС (IFRS) әділ құн анықтамасындағы А қосымшасы қосылды. Ұйым  13ХҚЕС (IFRS) қолданған кезде осы тармақты қолдануы тиіс.

44I               2011 жылғы маусымда шығарылған 1ХҚЕС (IFRS) 33А- тармағы қосылды. Ұйым  1ХҚЕС (IFRS) қолданған кезде осы тармақты қолдануы тиіс.

35 ХҚЕС (IAS) күшін жою

45                Осы Стандарт 35 Тоқтатылатын қызмет ХҚЕС-тың (IAS) орнын ауыстырады.

 

А Қосымшасы

Терминдердің анықтамасы

Бұл қосымша осы Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

 

В Қосымшасы

Қолдану Жөніндегі Нұсқаулар

Бұл қосымша осы Стандарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

Сатуды аяқтау үшін қажет кезеңді ұлғайту

В1               Егер кешіктірілу себебі ұйым бақылай алмайтын оқиғалар мен жағдайлар болып табылса және ұйымның активті (немесе шығаруға арналған топты) сату бойынша жоспарды орындамақ екендігі жеткілікті расталса, 9-тармақта көрсетілгендей, сатуды аяқтау үшін қажет кезеңді ұлғайту сатуға арналған ретіндегі активті (немесе шығаруға арналған топты) жіктеуге кедергі келтірмейді. Ендеше, 8-тарта келтірілген кезеңді бір жылмен шектеу туралы талаптан алып тастау мынадай оқиғалар немесе жағдайлар туындайтын мына төмендегі жағдайларға қолданылуы тиіс:

(а)       ұйым ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жоспарын орындауға міндеттенген күні, ол негізді түрде басқа тараптар (сатып алушы емес) активті (немесе шығаруға арналған топты) беру шарттарын белгілейді деп күтеді, бұл сатуды аяқтау үшін қажет кезеңді ұлғайтуға әкеледі, және:

(і)        осы шарттарға жауап беру үшін қажет іс-әркеттерді қатаң сатып алу міндеттемесін алғанға дейін бастауға болмайды; және

(іі)       қатаң сатып алу міндеттемесінің ықтималдығы бір жыл бойы жоғары;

(b)       ұйым қатаң сатып алу міндеттемесін алады, нәтижесінде сатып алушы немесе басқа тарап ілгеріде сатуға арналған ретінде жіктелген активті (немесе шығаруға арналған топты) беруге күтпеген жерден шарт қояды, бұл сатуды аяқтауға қажет кезеңді ұлғайтады, және:

(і)        бұл талаптарды орындауға қажет іс-әрекеттер уақытында қабылданды, және

(іі)       кешеуілдететін факторларды қолайлы шешу күтіледі;

(с)       бастапқы бір жыл кезең ішінде ілгеріде мүмкін емес деп саналған жағдайлар туындады; нәтижесінде, ілгеріде сатуға арналған ретінде жіктелген актив (немесе шығаруға арналған топ) осы кезеңнің аяғына дейін сатылмады, және:

(і)        бастапқы бір жыл кезең ішінде ұйым жағдайлардағы өзгерістерге жауап беру үшін қажет іс-әрекеттер жасайды; және

(іі)       жағдайлардағы өзгерістерді ескере отырып, активті (немесе шығаруға арналған топты) негізделген бағамен сату бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі;

(ііі)      7 -және 8-тармақтардың критерийлері қанағаттандырылады.

 

 


[1]           Ликвидтілікті қоспағандағы жіктеу тұрғысынан ұзақ мерзімді активтересепті күннен соң он екі айдан көп уақыт өткеннен кейін өзіне қамтылған соманы алады деп болжамдайтын активтер түрі. 3 тармақ осындай актив жіктемесінде қолданылады.

[2]           Бірақтан егер активтен немесе активтер тобынан ақша қаражаты ағымы ең бастысы одан ары қарай қолдануда емес, сатылым нәтижесінде пайда болады деп күтілсе, онда активтердің басқа да түрлерімен байланысты пайда болатын олардың ақша қаражатынан тәуелділігі азаяды, және іске асып тұрған бірліктің бөлігі болып келген шығатын топ өз бетімен іске асатын бірлік болады.

[3]           Қарастырылап отырған активтер басқа қолданылатын ХҚЕС-на сәйкес бағалануд талап ететін 18 және 19 тармақтардан басқа.

[4]                  Қаржылық шығындар мен табыс салығының шығындарын алып тастағанда тарату шығындары тікелей таратуға тиіс үдемелі шығындарға жатқыщылады.

5              Егер ұзақ мерзімді актив ақша қаражатын құрайтын бірліктің бөлігі болса, оның өтелетін сомасы 36 ХҚЕС-на (IAS) сәйкес ақша қаражатын құрайтын бірліктен пайда болатын кез келген құнсызданудан болатын залалды орналастырудан кейін танылатын қаржылық жағдай есебі құны болып табылады.

6              Актив жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар немесе сатуға арналған ретінде жіктелгенге дейін 16 ХҚЕС(IAS) , 38ХҚЕС-ке (IAS) сәйкес қайта бағаланған материалдық емес актив болған жағдайларды қоспағанда, және бұл жағдайда түзетулер қайта бағалаудың өсімі немесе төмендеуі ретінде қарастырылуы тиіс.