«Темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) және оларға қойылатын біліктілік талаптарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 20 қыркүйектегі № 424 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2012 жылғы 21 маусымдағы № 364 бұйрығы
«Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6581 тіркелген, 2010 жылғы 10 қарашадағы «Казахстанская правда» газетінде № 295-296 (26356-26357) жарияланған) «Темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) және оларға қойылатын біліктілік талаптарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 424 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген темір жол көлігі қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) және оларға қойылатын біліктілік талаптарының тізбесінде:
«Темір жол көлігі ұйымдарының орталық аппараты» деген 1-бөлімінде:
«Ішкі (ақпараттық) қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құрылымдық бөлімше» деген бөлімше алып тасталсын.
«Бақылау-ревизиялық қызмет және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша құрылымдық бөлімше» деген бөлімшені мынадай редакцияда толықтырылсын: