«Облыс аумағында карантиндік аймақты белгілеу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 12/03 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 13 маусымдағы № 20/10 Қаулысы

«Облыс аумағында карантиндік аймақты белгілеу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 12/03 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 13 маусымдағы № 20/10 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1, 14 баптарына сәйкес карантиндік объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және толық жою мақсатында Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 мамырдағы «Облыс аумағында карантиндік аймақты белгілеу туралы» № 12/03 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1830 болып тіркелген, 2007 жылғы 28 маусымдағы № 98-100 «Орталық Қазақстан» және 2007 жылғы 30 маусымдағы № 75 «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған), оған Қарағанды облысы әкімдігінің 2009 жылғы 21 шілдедегі «Облыс аумағында карантиндік аймақты белгілеу туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 30 мамырдағы № 12/03 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 20/02 қаулысымен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1870 болып тіркелген, 2009 жылғы 12 қыркүйектегі № 138-139 (20723) «Орталық Қазақстан» және 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 108 (20815) «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:

қаулының 1-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:

«1. Шаруашылық субъектілерге, елді мекендерге және басқа да объектілерге карантиндік режимді енгізе отырып, Қарағанды облысы аумағында карантиндік аймақ белгіленсін.»;

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.А. Әбілдаға жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.