Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 308 Қаулысы
(2012.26.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 24 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.24.06. № 705 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 41 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.26.03. № 353 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 14 сәуірдегі
№ 308 қаулысына
1-қосымша
Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесінің
құрамы