Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының ұйымдық құрылымы мен саны туралы
«Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ETEMIH:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының саны;
2) Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының ұйымдық құрылымы бекітілсін.
2. Республикалық ұлан қолбасшылығы осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.